Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен шығарылып жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабының 4-бөлігімен әкімшілік құқықты бұзған Тәжікстан азаматы Р-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Полиция қызметкерлері шетел азаматының құжатын тексеру барысында құқық бұзушы Р., Қазақстан Республикасының территориясына кіріп, ел аумағында ішкі істер органдарында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей, Қазақстан Республикасы аумағында болу тәртібін бұзғаны анықталған.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, сот қаулысымен оған Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 күн ішінде Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік  жолмен  шығарылып жіберілді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар