Көмектесемін деп бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сотталушы А.-ның ұялы телефонына танысы И. қоңырау шалып, «күйеуі Б.-ның келіп, есікті ашуды талап етіп, үй терезелерін ұрып мазаларын алып жатыр»,- деп көмекке шақырады.

Көмекке келген сотталушы А. ашуын тежей алмай, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында, жәбірленуші Б.-ның сол жақ көзінен жұдырығымен ұрып, көзінің көру қабілеті төмендеген.

Сөйтіп, адамның көруден айырылуға әкеп соққан денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.

 Сотталушы А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 103 бабының 1-бөлігіндегі көзделген қылмыстық іс-әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланды.

Сот үкімі заңды күшіне енген.

 

                              Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі