Көлікті жолдың қарсы бағытына шығып басқарғаны үшін көлік басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Н. Арал-Сексеуіл тас жолында «Ваз 21941-110-41» маркалы автокөлігін, жол жүрісі қағидаларымен тыйым салынған жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған бөлігіне шығып басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Н. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 596 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі