Көлік құралын мас күйінде басқару азаяр емес

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

            Жалағаш аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 467 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушы К.А-ның әкімшілік ісін қарады. Әкімшілік құқық бұзушы К.А. 28.12.2013 жылы сағат 21.30-дар шамасында «Опел-Вектра» маркалы автокөлігін Жалағаш кенті, Мырзалиев көшесі бойында маскүнемдік масаю күйінде басқарған, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған деп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

               Сотта К.А. бір күн бұрын арақ ішкенін. Полиция қызметкерлері тоқтатқан кезде иісін байқағанын. Бірақ мас болмағанын. Келешекте қайталамайтынын. Жеңіл жаза беруді сұраған.  Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша К.А.-ның жеңіл мас дәрежесінде болғандығы дәлелденген.

              К.А. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 467 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып 2 (екі) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

                                                                                                                                                                Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі