Көлік құралын алкогольді масаю күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Көліктегі құқық бұзушылық ауыр зардаптарға әкеліп соқтыруы мүмкін және де тек жүргізушінің ғана емес, сондай-ақ, өзге де азаматтардың өмірі мен денсаулығына шынайы қауіп тудыратын едәуір қауіпті әрекет болып табылады.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Д. полиция қызметкерлерімен құжаттарын тексеру үшін тоқтатылып, одан кейін медициналық куәландырудан өткізу үшін жеткізілген. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, құқық бұзушы алкогольді масаң күйінде көлік құралын басқарған.

Сонымен көлік құралының жүргізушісі, жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және өзге де), жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін күйде көлік құралын басқаруға тыйым салу көзделген Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидасының 2.4.2 тармағының талабын бұзған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Д. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі