Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында  азаматша Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес азаматша Е. Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесінде төңiрегiндегiлерге сыйламаушылық білдіріп, темекі қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған.

Сот қаулысымен азаматша Е. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 22 690 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі