Қоғамдық орында сыйламаушылық танытқаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында құқық бұзушы Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Ж-ның Әйтеке би кенті Пірімов көшесінің бойында алкогольді масаң күйінде былапыт сөздер айтып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіргені анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі