Кәмелетке толмағанның бұзақылығы үшін анасына айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 435 бабымен азаматша Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Ж-ның кәмелетке толмаған баласы қоғамдық орында, яғни Сексеуіл кенті, Жаналиев көшесі бойына қоқыс қалдықтарын тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 435 бабымен кінәлі деп танылып, 15 883 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар