Кәмелетке толмаған сотталушылар бас бостандықтарынан шектелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ҚР ҚК-нің 191 бабының 2 бөлігінің 1,3 тармағымен қылмыстық іс қаралды.

Кәмелетке толмаған сотталушылар  Ж. мен М. базар маңында жалғыз жүрген жәбірленуші А-ны көріп, оны адамдардың назарынан тыс жерге алып барып, жәбірленушіге күш қолдану қатерін төндіріп, сотталушы Ж. жәбірленуші А-ның құны 3000 теңге тұратын қол сағатын, ал сотталушы М. құны 30000 теңге тұратын «Самсунг J1» үлгісіндегі ұялы телефонын тартып алып, жәбірленушіге 33000 теңге мүліктік шығын келтірген.   

Сөйтіп, кәмелетке толмаған сотталушылар бөтеннің мүлкін ашық жымқырған.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған сотталушылар 2 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі