Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Н. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде, өз үйінде ағасына балағат сөздер айтып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сотта жәбірленуші А. құқық бұзушымен татуласпағанын, заң жүзінде оған шара көруді сұрайтынын көрсеткен.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Н.  Қазақстан Республикасы   ӘҚБтК-нің   73 бабының  1-бөлігімен   кінәлі  деп  танылып, әкімшілік қамаққа алынды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі