Әкімшілік сотта брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судья К.Еспенбетова көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ адам жасаған әрекеттерінен көлiк құралдарының бүлінуіне әкеп соққан және жүргізушінің ҚР Жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу фактілері бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг барысында судья К.Еспенбетова аталған санаттағы істердің біріне тоқталып өтті.

Атап айтқанда, құқық бұзушы Б. автокөлік басқаруға құқығы жоқ күйде Қызылорда қаласы, А.Байтұрсынов көшесімен «Bmw» маркалы автокөлігін басқарып келіп, А.Байтұрсынов - Төле би көшелері қиылысында жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтамай, өз бағытымен қозғалыс жасап келген «NISSAN» маркалы, «Mitsubishi» маркалы, автокөліктеріне жол бермей соқтығысып, көлік құралдарына мүліктік залалдар келтіріп, жол - көлік оқиғасының орын алуына себепкер болғанына қарамастан, өзі оқиға болған жерден бой тасалап, кетіп қалғандығын айтып өтті.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы Б.-ның жасаған құқық бұзушылықтары  істердегі  дәлелдеме ретінде ұсынылған бейнебақылау түсірілімімен толық дәлелденуіне байланысты, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігімен және ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 3-бөлігімен кінәлы деп танылып, оған әкімшілік айыппұл салынып, қамаққа алынды.

Қорытындылай келе, судья К.Еспенбетова брифингке қатысушыларға алғысын білдіре отырып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауаптарын берді. 

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі