Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат С-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 73-1 бабының 1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы С. азаматша А-ның денсаулығының қысқа мерзімге бұзылуына және қасақана жеңіл зиян келтіргеніне байланысты, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарап, шешім қабылдау үшін жолданған.

Алайда, іс қарау барысында жәбірленуші А. мен құқық бұзушы С.-ның татуласуына байланысты істі тоқтатуды сұрап, қолдарын қойған жазбаша дауды реттеу туралы келісімі ұсынылған.

Сот, әкімшілік іс-құжаттарын зерттеп, іске қатысушылардың уәждерін тыңдап, тараптар татуласып, бітімгершілікке келуіне байланысты, С-ны әкімшілік жауаптылықтан босатып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 73-1-бабының 1-бөлігімен басталған істі жәбірленушімен бітімгершілікке келуіне байланысты тоқтатты.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі