Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат Ш-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ш. өз үйінде жанжал шығарып,  әйеліне балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған. Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіпқой емес медиатордың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.

Сот қаулысымен азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс, тараптардың медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі