Әкімшілік іс бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында әкімшілік іс бойынша брифинг өтті. 

Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Н.Бекетаев жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты және шара барысында судья Н.Бекетаев Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127 бабының 1 бөлігімен қаралған К-нің әкімшілік ісі бойынша мәлімет берді.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К-нің кәмелетке толмаған 1999 жылы туылған баласы Ж. 2016 жылдың желтоқсан айының 19-нан 2017 жылдың қаңтар айының 14 аралығында оқуына дәлелді себептерсіз бармаған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 819 бабының 2 бөлігі басшылыққа алынып, 11 118 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Брифинг соңында БАҚ өкілдері әкімшілік іс бойынша сауалдар қойып, қойған сауалдарына нақты жауаптарын алды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі