Әкімшілік іс бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында 6 желтоқсан 2016 жылы әкімшілік іс бойынша брифинг өтті. 

Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Н.Бекетаев жүргізді.

Шара барысында судья Н.Бекетаев Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127 бабының 1 бөлігімен қаралған Е-нің әкімшілік ісі бойынша мәлімет берді.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Е-нің кәмелетке толмаған 30.04.1999 жылғы баласы Н. 2016 жылдың қыркүйек айының 1-нен 15 аралығында оқуына дәлелді себептерсіз бармаған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен азаматша Е. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 14847 теңге айыппұл салынған.

Брифинг соңында БАҚ өкілдері әкімшілік іс бойынша сауалдар қойып, қойған сауалдарына нақты жауаптарын алды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі