Қазалы аудандық сотының ұжымы аудандық соттың төрағасы Қ.Темірбаевты құрметті зейнет демалысына салтанатты түрде шығарып салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

         Бүгін Қазалы аудандық сотында аудандық соттың төрағасы Қайыргелді Темірбаевты құрметті зейнет демалысына шығарып салу рәсімі өтті.

         Шараға аудандық соттың судьялары мен қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, құқық қорғау, адвокатура  органдарының басшылары, аудан әкімінің орынбасары және аудандық жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының, «Серік тв» телеарнасының  өкілдері  қатысты.

        Шара барысында аудандық соттың төраға міндетін атқарушы Г.Тиштикбаева Қ.Темірбаевтың ұзақ жылдар бойы сот жүйесінде абыроймен қызмет өткерген жылдарына қысқаша тоқталып, Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қ.Нұрышевтің құттықтау адресатын жеткізіп, Судьялар одағы тарапынан берілген сый-сияпатын салтанатты түрде табыс етті.

        Өз кезегінде, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов,»Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы Қ.Мамбетжанов,  бірқатар басшылар және «Тұран-Қазалы» газеті редакторының орынбасары Ғ.Әліш өз лебіздерін білдірді.

       Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі