Қазалы аудандық сотында семинар-тренинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында «Әкімшілік істер бойынша жекеше қаулыларды  орындауға жолдау тәртібі»  тақырыбында  семинар-тренинг өтті. Шараға сот төрағасы, судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Шара барысында аудандық соттың бас маман-сот отырысының хатшысы Ж.Қонысбаева баяндама жасап, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 826-бабына сәйкес заңдылықты бұзу жағдайлары айқындалған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар анықталған кезде судья жекеше қаулы шығарады, ал орган (лауазымды адам) бұларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы тиісті ұйымға және лауазымды адамдарға ұсыну енгізетіні көрсетілгендігіне тоқталды. Сонымен қатар, ұйымдардың басшылары және басқа да лауазымды адамдар жекеше қаулы мен ұсынуды алған күннен бастап бір ай ішінде қарауға және қолданған шаралар туралы жекеше қаулы шығарған судьяға немесе ұсыну енгізген органға (лауазымды адамға) хабарлауға міндетті екендігін айтты.

Сондай-ақ баяндамашы Ж.Қонысбаева сот актілері заңды күшіне енгеннен кейін  жеке қаулылардың көшірмелері орындауға жіберіледі.  Жеке қаулыларды есепке алу жеке қаулыларды, жеке ұйғарымдарды есепке алу журналдары бойынша жүргізіледі деп атап өтті.

Шараға қатысушылар тақырып бойынша туындаған сұрақтарды талқылап, өзара пікір алмасты.

Шараны аудандық соттың төрағасы Қ.Темірбаев қорытындылай келе, сот қызметкерлеріне туындаған сұрақтар бойынша берілген жауаптарды назарға алу қажеттігін айтты.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі