Қазалы аудандық соты 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмысты қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотының төрағасы Қ.Темірбаев 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Баспасөз конференциясына жергілікті «Қазалы» және «Тұран Қазалы» газеттерінің өкілдері және аудандық соттың баспасөз хатшысы қатысты.

 

Шара барысында сот төрағасы азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істерді қарау бойынша 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырмалы түрдегі статистикалық мәліметтерін хабарлады.

 

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы 1198 талап арыз  түссе, ал 2016 жылдың осы мерзімінде 783 талап арыз  түскен. Бұл ретте барлық талап арыздардың барлығы «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы  түскендігі атап өтті.

 

Барлығы 2017 жылдың 1 жартыжылдығында 162 қылмыстық, 1129 азаматтық және 757 әкімшілік іс қаралды. Медиация тәртібімен 17 азаматтық, 29 қылмыстық іс қысқартылды. Сонымен қатар сот төрағасы сот төрелігін атқарудың сапасына баса назар аударып, істердің дұрыс және біркелкі қаралуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық сотта тұрақты түрде семинар сабақтары өткізіліп тұратыны мәлімдеді.

 

Бұдан басқа, аудандық сот мемлекеттік және басқа мекемелермен кездесулер өткізіп, дөңгелек үстелдер, брифингтер, «Ашық есік күндері» және сот жүйесінің имиджін көтеруге бағытталған басқа да шаралар өткізіп тұрады.

 

Баспасөз мәслихатының соңында  сот төрелігінің жүзеге асыру сапасын арттыруға, еліміздегі сот жүйесінің  тәуелсіздігі мен тиімділігіне кепіл берілуін нығайтуға және сот билігінің имиджін көтеруге бағытталған міндеттерін орындау үшін қажетті шаралар жүзеге асырылатынын жеткізді.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі