Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарын талқылау мақсатында семинар өткізілді.

 Іс-шараға судьялар мен сот мамандары, прокуратура, АІІБ-нің өкілдері қатысты.

Судья Л.Алибекова өз баяндамасында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларға шолу жүргізіп, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және жол жүрісі мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті.

Семинар соңында аталған заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар  бойынша туындаған сұрақтарға түсіндірме  берілді.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі