Қармақшы аудандық сотында медиация рәсімдерін қолданудың маңызды мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында медиация заңын қолдану мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға аудандық сотының төрағасы мен судьялары, кәсіпқой емес медиатор, аудандық прокуратура өкілдері мен ішкі істер органдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында сөз алған сот төрағасы Қ.Абдуллаев өз баяндамасында «Медиация – даулы мәселелердің соттан тыс, бейтарап, даудың шешілуінде қызығушылығы жоқ үшінші тарап – медиатордың қатысуымен шешілуі. Медиация рәсімі кезінде дауға қатысатын тараптар медиатордың тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, өзара қолайлы шешімге келеді. Даулы мәселенің шешілуі толық тараптардың еркіне байланысты. Медиацияның ерекшеліктері болып бұл рәсім икемді әрі бейресмилі болып табылады.  Медиацияда кімнің кінәлі, әлде кінәлі еместігі анықталмайды. Медиацияның басты мақсаты – пайда болған түсініспеушіліктердің сындарлы шешімін табу», - деп атап өтті.

Талқылау қорытындысында қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы уақытта татуластыру рәсімін жұмыста тиімді пайдалану керек деген шешімге келді.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі