Еңбекақы және моральдық зиян өндіру туралы дау сот медиациясы тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында судьяның қатысуымен талап қоюшы Д-ның жауапкер жеке кәсіпкер И-дан 336 000 теңге еңбекақысын және 10000 теңге моральдық зиян өндіру туралы азаматтық іс бойынша дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 179-бабының 1 және 4 бөліктеріне сәйкес, тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы.

Сондықтан, аталған азаматтық іс бойынша тараптар өз құқықтарын пайдалана отырып, дауды судьяның қатысуы арқылы медиация тәртібінде реттеуге ниет білдірген.

Тараптар арасында жасалған келісімінің шарты бойынша, жауапкер И. 30 қазан 2017 жылға дейін талап қоюшының пайдасына 195 000 теңге төлейтін,  ал, талап қоюшы Д. өз кезегінде еңбекақы және моральдық зиян өндіруден бас тартатын болып өзара келісімге келген.

Сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптар арасында жасалған келісім сотпен бекітіліп, азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі