«Электрондық үкімет» порталы (www.egov.kz) – мемлекеттік органдар қызметіне онлайн режимде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 «Электрондық үкімет» порталы (www.egov.kz) – мемлекеттік органдар қызметіне онлайн режимде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қызылорда облыстық сотының сайтында көрушілерге қолайлылық тудыру мақсатында «Электрондық үкімет» порталына сілтеме жасалынған.

    Арызды толтыру барысында кей ережелерді мұқият орындау қажет. Атап айтар болсақ, жауапкердің тұрғылықты мекен-жайы бойынша аудандық сотты таңдап, арыздың мазмұнын көрсетесіз. Сондай-ақ, істің санаты мен мемлекеттік баж мөлшерін де толық толтырып жазу қажет. Мемлекеттік бажды сіз сол жерде электронды порталдың төлем жүйесін пайдалану арқылы төлей аласыз. Осы үлгілерді толтыру барысында талапкер талап арызына өзінің электронды-цифрлы қолтаңбасын (ЭЦҚ) қояды. Сіздің арызыңыз тиісті сотпен бес жұмыс күні ішінде қаралып, нәтижесі бойынша жеке электронды почтаңызға талап арыздың сот өндірісіне қабылданғаны не кері қайтарылғандығы жөнінде мәлімет келетін болады. Егер арыз кері қайтарылған болса, арызданушыға оның себебі түсіндіріледі. Ал талап арызыңыз қабылданған жағдайда, талапкер азаматтық істің өзіне тиесілі нөмерін ала алатын болады. 
     Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының барлық соттарында 2013 жылдың 1 тамыз мен 31 желтоқсаны аралығында Электрондық бақылау іс жүргізуін енгізу жөніндегі пилоттық жобасы іске асырылуда. 
    Электронды бақылау іс жүргізуінің негізгі мақсаты – сот істері мен материалдар бойынша сот ісіне қатысушыларына ҚР АІЖК, КІЖК және ӘҚБтҚ-нің талаптарының негізінде іс бойынша ақпарат алуда бірыңғай механиз құрау болып табылады. 
    Электрондық бақылау іс жүргізу Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі (БААТЖ) бағдарламасының тұтас бағдарламалық бөлшегі болып табылады және де ҚР сот органдарының электрондық ресурстары арқылы қатысушыларға сот істері бойынша мәліметтерді автоматты түрде ұсыну үшін бағытталған. 
    Басты талап, пайдаланушыда электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет. ЖСН-і бар Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы ЭЦҚ-ны алуға және пайдалануға құқылы. Көптеген азаматтарды ЭЦҚ-ның көшірмесін жасау мүмкiн бе деген сұрақ толғандырады. Қазақстандағы және әлемдегі электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, оның жасанды көшірмесін жасау мүмкін емес. 
Сот ісіне қатысты ақпараттарға рұқсат беретін парольды алу үшін өтініш білдірген іске қатысушы тұлға міндетті түрде өзі келуі және ол өзімен бірге ЖСН-мен жеке басын куәландыратын құжатын соттың жауапты маманына көрсетуі тиіс.
    Парольды алғаннан кейін http://enp.supcourt.kz сілтемесі арқылы «Сот ісін іздеу» бөлімінен өзіңіздің құжаттарыңызды енгізе отырып қажетті ақпараттарды ала аласыздар.
Электрондық бақылау іс жүргізуді қолдану жөніндегі нұсқаулықтың толық нұсқасымен Қызылорда облыстық сотының ресми сайтындағы «Құжат үлгілері» бөлімінен таныса аласыздар.
    Сондықтан әрқайсысымыз, бүгінгі күннің оңтайлы жетістіктерін іс жүзінде пайдаланудың тиімділігін біле отырып, оны қолдануда белсенділік танытайық!