Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім сотпен бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Азаматтық Процестік Кодексінде алғаш рет татуластыру рәсімдері көзделген арнайы тарау белгіленіп, онда сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданатыны, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде жәрдемдесетіні көзделген.

Шиелі аудандық сотында талап қоюшы М. сотқа жауапкер Ө-ге ортақ мүлікті бөлу жайлы талаппен жүгінген. Істі сот талқылауына дайындық барысында, алдын ала сот отырысында іс бойынша төрағалық еткен судья А.Түбекбаева тараптарға дауды татуласу рәсімдерін жүргізу арқылы аяқтау құқықтарын түсіндірді.

Сот отырысында тараптар адвокаттарының жәрдемдесуімен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.

Судья дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексеріп, жасалған келісімнің шарттары заң талаптарына қайшы келмейтінін және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын анықтап, Азаматтық Процестік Кодекстің 177-бабына сәйкес оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарды.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі