Бұзақылық жасағаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат Ж. адамдар тобы болып, атыс қаруын пайдаланып, қоғамдық тәртіпті, қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, күш қолдану мақсатында, Қызылорда қаласы, Қоңыратбаев көшесі бойында, жақын ара қашықтықтан жәбірленуші Б-ға қарай бағыттап, бір мәрте атыс қаруымен атып, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті сол жақ бел тұсына бытыра оғымен жарақат салғаны анықталды.

Сот үкімі бойынша сотталушы Ж. Қазақстан Республикасы ҚК нің 293-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 3( үш) жылға бас бостандығынан  шектеу жазасына сотталды.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі