Байқоңыр қалалық сотында «Мемлекеттік тілді меңгеру - бірінші талап» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында «Мемлекеттік тілді меңгеру - бірінші талап» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге қалалық соттың судьялары Қ.Нүрпейсова, Е.Шевцова, кеңсе меңгерушісі А.Жұбатханов, соттың бас маманы Ж.Ахметова, Байқоңыр қалалық Әділет басқармасының қызметкері, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкері Қ.Қоспанова, аудандық ішкі істер басқармасының қызметкері А.Жетесова қатысты.

Шараның өткізілу мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытын түсіндіру.

Судья Қ.Нүрпейсова «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы негізінде қазіргі таңда мемлекеттік тілдің беделін көтеру үшін біршама іс атқарылып, бағдарламалар жасалынып, арнайы заң қабылданғаны туралы түсіндірді.

Дөнгелек үстел барысында сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу, істерді қарау барысында және құжаттарды рәсімдеу кезінде туындайтын мәселелер, сонымен қатар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жөнінде талқыланды.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі