Балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында азамат Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Е. кәмелетке толмаған баласының тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамай, соның салдарынан баласы дәлелді себепсіз сабаққа бармаған.

Сот отырысында азамат Е. өз жауабында баласының сабақтан қалғаны рас екенін, қазіргі уақытта сабаққа барып жүргенін, кінәсін мойындайтынын көрсетті.

Сот құқық бұзушыға жаза тағайындау барысында оның өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкінуі жауаптылығын жеңілдететін мән-жай деп танып, құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-ң 127-бабының 1-бөлігінің санкциясында көзделген айыппұл соммасын 30 пайызға, яғни 15 883теңгені 11 118 теңгеге дейін қысқартып айыппұл салды.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі