БАҚ өкілдерімен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

     Ағымдағы жылдың 9 сәуірі күні Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әбу Айбек 2014 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесті.  Баспасөз маслихатында сот төрағасы БАҚ өкілдерін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылдың 1 тоқсаны қорытындысымен таныстырды.   

       Есепті кезеңде сот өндірісіне 24 адамға қатысты 17 қылмыстық іс, 75 талап арыз (арыз) және 172 әкімшілік құқық бұзушылық істері түскен. Түскен қылмыстық істердің 23 адамға қатысты 17 қылмыстық ісі қаралып аяқталса, қозғалған 71 азаматтық істің 66-сы шешім шығару арқылы аяқталған. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша сот өндірісіне 174 әкімшілік іс түскен. Аталған әкімшілік істердің 158-і қаралып, 144-не өз дәрежесінде әкімшілік айыппұл салынса, 14 әкімшілік іс өндірістен қысқартылды. 2 іс әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың дұрыс толтырылмауына байланысты кері қайтарылған.     

        Кәмелетке толмағандармен басым көпшілігі ҚР ҚК-нің 175 бабында көзделген, яғни ұрлық қылмыстары жасалған. Ол барлық қаралып аяқталған істердің 11,8%-ын ұрлық (2 іс/4 адам), 17,6 %-ын тонау (3 іс/7 адам), алаяқтық 5,9%-ын (1 іс/ 1 адам), жол ережесін бұзу салдарынан адам өліміне әкеліп соғуы 5,9 %-ын (1 іс/ 1 адам) құраған. Сонымен бірге, 58,8% алимент төлеуден жалтарған азаматтардың қылмыстық істері қаралған.

        Азаматтық істердің басым көпшілігі бала асырап алу 61,3%, ата-аналық құқығынан айыру 10,6%, баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтау 12,0%, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатына жолдау жайлы 1,3%, баламен кездесу уақытын белгілеу 12,0% болған.  Осы кезеңде Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты барлығы 4 адамға қатысты 3 қылмыстық істі ҚР Медиация туралы Заңының талаптарын қолданып қараған. Бұл барлық аяқталған қылмыстық істердің 17,6%-ын құраған.

        Дәл осы күні Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында да, әкімшілік сотының 2014 жылдың  3 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстары бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз-конференциясы өткізілді. Аталған конференцияны әкімшілік сотының судьясы Г.Искакова жүргізіп, атқарылған іс-шараларды баяндады. Журналисттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауа беріп, сот өндірісіндегі қаралған істер жайлы ақпараттарымен бөлісті.