Азаматтық іс пилоттық жоба аясында қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен медиацияны қолдану салаларын одан әрі ұлғайту мақсатында, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытында пилоттық жоба іске қосылғаны белгілі.

Аталған жоба міндетті түрде медиация рәсімін өткізуді қажет ететін жекелеген даулардың санаттарын қамти отырып, балаларға қатысты алимент міндеттемелерін орындау, неке бұзу, мүлікті бөлу, мұрагерлік, тұрғын үйден еріксіз түрде шығару, еңбек қатынастары дауларын сотқа дейінгі тәртіппен реттеуді қажет етеді.

Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы М-ның жауапкер Т-дан некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотпен істі қарауға дайындық барысында, тараптарға пилоттық жобаға қатысу жөнінде өз ұстанымдарын білдіру және олардың арасында келісім болған жағдайда, медиатормен медиация жүргізу туралы тараптардың жазбаша келісімін жолдау ұсынылған.

Көрсетілген мерзім ішінде тараптар кәсіпқой медиатор қатысуымен медиация тәртібімен келісімге келіп, сотқа медиативтік келісімді ұсынған.

Медиативтік келісімге сәйкес, талап қоюшы некені бұзуды талап етпейді және ерлі-зайыпты ретінде бірге әрі қарай өмір сүруді жалғастыруды қалайды, ал, жауапкер өз кезегінде жұбайына сыйластықпен және түсіністікпен қарауға, отбасына жеткілікті түрде көңіл бөлуге міндеттенеді. Тараптар арасында өзге дау туындамаған және олар азаматтық істі қарауды әрі қарай жалғастырудан бас тартты.

Сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптар арасында жасалған келісім бекітіліп, азаматтық іс 13 маусым 2017 жылы өндірістен тоқтатылып, мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енбеген.                   

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі