Автокөлікті алкогольдік масаң күйде жүргізгені үшін айыппұл салу жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында сотталушы К-ға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен қылмыстық терiс қылық нысанындағы қылмыстық құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотталушы К.,  көлік құралын басқару құқынан айырылған адам бола тұра, Әйтеке би кенті, Сәтбаев көшесінің бойында «Toyota camry» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Сот үкімімен сотталушы Т., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған көлік құралын басқару құқынан 3 (үш) жыл мерзімге айыра отырып, 68 070 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі