Аудандық соттарда сенбілік өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Арал, Жалағаш, Қармақшы, Шиелі, Қазалы, Сырдария аудандық соттарында сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Қажетті құралдармен қамтылған сот қызметкерлері белсенді түрде сот ғимараттарының ауласын жапырақтар мен кепкен бұталардан тазартып, ғимарат аумағын жинастырды.

Сонымен қатар, сот мамандары ғимараттың ішіне, қызметтік бөлмелерге тазарту жұмыстарын жүргізді.

Осындай сенбіліктер алдағы уақытта да тұрғылықты түрде жалғасын табатын болады.

Айналамызды таза ұстау өзімізге жақсы, басқаларға үлгі. 

Қайнар: 
Арал, Жалағаш, Қармақшы, Шиелі, Қазалы, Сырдария аудандық соттарының баспасөз қызметі