Аудандық сотта пилоттық жоба іске асырылуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба Шиелі аудандық сотында жүзеге асырылуда.

Пилоттық жоба аясында өндірісіне осы жоба шеңберінде қаралуға жататын санаттағы даулар бойынша азаматтық іс түскен аудандық сот судьялары іске қатысушы тараптарға азаматтық іс қозғалғанын хабарлай отырып, сотта жеке санаттардағы дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның жүргізілуіне байланысты, АПК-нің 48-бабы бірінші бөлігіне сәйкес тараптарға дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен істі аяқтау құқығын түсіндіруде. Тараптарға медиацияның басымдықтары: келіссөздер процесін жүргізу үшін жағдай жасау арқылы, дауды қарым-қатынастарға тартылған тараптардың мүдделерін ескере отырып, медиатордың қатысуымен дауды (жанжалды) реттеу мақсатында бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді жеделдету; АПК-нің 169-бабының екінші бөлігінің талаптарына сәйкес бір істің аясында бір мезгілде талап қоюдың нысанасы мен негіздемелерін реттеу үшін тараптардың барлық өзара талаптарын өзгерту мүмкіндігі;  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 548-бабының талаптарына сәйкес, сотқа талап арыз берген кезде төленген мемлекеттік бажды толық көлемде қайтару жайлы мәліметтер беріледі.

Тараптарға пилоттық жобаға қатысу бойынша өз ұстанымын жазбаша білдіру және келіскен жағдайда бес күн ішінде тараптардың медиатормен жасасқан медиация жүргізу туралы жазбаша келісімін сотқа жолдау ұсынылады. Көрсетілген мерзімде тараптар медиаторлармен медиация жүргізу туралы келісім жасауға немесе сотқа медиацияны судьямен жүргізу туралы өтінішпен жүгіну құқылы екендігі түсіндіріледі..

Егер тараптар пилоттық жобадан бас тартқан жағдайда, бұл туралы арызды сотқа жолдап, істі сотқа талқылауға дайындау туралы ұйғарымды баяндалған іс-әрекеттерді орындауға кірісу қажеттігі түсіндіреледі.

Сонымен қатар хабарламада тараптарға медиация кабинетінің орналасқан мекен-жайы беріліп, медиаторлардың тізімі, істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымның көшірмесі жолданады.

Осы атқарылған шаралар нәтижесінде 2017-жылдың 5 айында пилоттық жоба аясында аудандық сотта тараптардың дау-шарды медиация тәртібімен реттеу туралы жасаған келісімдерін соттың бекітуі негізінде 12 азаматтық іс тоқтатылды.

Аудандық сот судьяларымен медиация тәртібімен дауды реттеудің тиімділігі, бұл рәсімнің басымдығы жайлы халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,  БАҚ–да мәліметтер беріліп отырады.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі