Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. Шараның өткізілетіні туралы алдын-ала «Арал әлемі» газетінде хабарлама жарияланған.

Қабылдауға келген азаматтарды аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Д.Мұратбекұлы  қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

Шара барысында қабылдауда Арал қаласының тұрғыны Б.Оскеева болып, талап арызды жазу тәртібі мен оған қоса берілетін құжаттардың тізбесіне қатысты сауалдарын қойды. 

Қойылған сауалдарға заңнама талаптары түсіндіріліп, тұжырымды жауаптар берілді.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі