Арал аудандық сотымен медиация туралы пилоттық жобаны түсіндіруге бағытталған жұмыстар белсенді атқарылуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

26 қаңтар 2017 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен  медиацияны қолдану салаларын одан әрі ұлғайту мақсатында, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытында пилоттық жоба бекітілді.

Пилоттық жоба аясында Арал аудандық сотымен тұрғындарға белсенді түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде оқып-үйрену семинарлары, медиацияны жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша дөңгелек үстелдер өткізіліп келеді. Медиацияны қолдану сұрақтары жергілікті БАҚ-та талқылау пәніне айналды.

Бұдан бөлек сот ғимаратының кіре берісінде көпшіліктің назарына пилоттық жоба бойынша медиацияны қолдану механизмі жөнінде ақпараттық стенд орналастырылған. Қазіргі таңда аудандық сотта пилоттық жоба аясында істер қаралуда.

Айтып өту керек, аталған жоба міндетті түрде медиация рәсімін өткізуді қажет ететін жекелеген даулардың санаттарын қамти отырып, балаларға қатысты алимент міндеттемелерін орындау, неке бұзу, мүлікті бөлу, мұрагерлік, тұрғын үйден еріксіз түрде шығару, еңбек қатынастары дауларын сотқа дейінгі тәртіппен реттеуді қажет етеді. 

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі