Алкогольді масаю күйінде автокөлік басқарғаны үшін 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында құқық бұзушы Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарынан анықталғаны, құқық бұзушы Е. автокөлігін  алкогольді масаю күйінде басқарған.

Құқық бұзушының мас күйін медициналық тұрғыда куәландыру актісіне сәйкес, оның алкогольдік масаң күйде болғандығы анықталған.

Сот құқық бұзушы Е. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3/үш/ жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі