Алимент мөлшерін азайту туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкер М-ның алимент мөлшерін азайту туралы азаматтық ісін қарады.

Талапкер М. сотқа талап арыз беріп, онда Қызылорда қалалық сотының бұйрығымен жауапкер Б-ның пайдасына кәмелетке толмаған екі баласын асырап-бағу үшін 1/3 алимент өндірілгенін, сонымен қатар Қызылорда қалалық сотының бұйрығымен жауапкер А-ның пайдасына екі кәмелетке толмаған баласын асырап бағу үшін 1/3 мөлшерінде алимент өндірілетінін, алимент көлемі 66% отырғанын, заң талабына сай 50% аспау керек екендігін көрсетіп, алимент мөлшерін төмендетуді сұрады.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы толығымен қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі