Алаяқтық жасаған сотталушы төрт жылға бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының № 2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған сотталушы А-ның қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушы А. бұдан бұрын, яғни Қызылорда облыстық сотының 27.05.2015 жылғы қаулысымен ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталып, ҚК-нің 74 бабының 1-бөлігі қолданылып, үкімнің орындалуы кәмелетке толмаған баласы 14 жасқа толғанша 5 жылға дейін кейінге қалдырылған. Сотталушы бұл соттылығынан еш нәтиже шығармай қайталап қылмыс жасаған.

Атап айтқанда, сотталушы А. М.Мәметова атындағы педагогикалық колледжіне оқуға түсіріп бере алатындығына сендіріп, жәбірленуші Г-дан 250.000 теңге, жәбірленуші П-дан 300 000 теңге, жәбірленуші А-дан 250  000 теңгені алдап алып, бас пайдасына жаратып, алаяқтық жасаған.

Басты сот талқылауында сотталушы А.кінәсін толық мойындады.

Ал жәбірленушілер болса, басты сот талқылауында кешірім бермейтіндерін, қылмыспен келген мүліктік зиян қайтарылмағанын, сотталушыдан өндіруді талап ететіндерін және заң жүзінде жаза тағайындауды сұрады.

Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 3 (үш) жыл мерзiмге мемлекеттік қызмет пен лауазымды қызмет атқару құқынан айырылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушының жазасы қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Азаматтық талаптары толық қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі