Адам өлтіру фактісі бойынша үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған (адам өлтіру) 38 жастағы ер азаматқа айыптау үкімі жарияланды.

Сотталушы 2017 жылдың қаңтардың 6 күні түнгі сағат 01.00 шамасында өзінің тұрғылықты мекен-жайында отырған уақытында қақпасының тарсылдағанын естіп сыртқа шыққан. Содан соң қақпа сыртынан жәбірленушіні көріп, жанына барған кезде онымен ерегісіп, қалады. Жәбірленуші оны бет тұсынан бір рет ұрып жіберген соң, оған қатты ызаланып, оның бет тұсынан бірнеше рет ұрып, жерге жығып, үстінен төніп, басының, денесінің әр жерлерінен аяқтарымен тепкілеп, дене жарақаттарын салған. Алған дене жарақаттарынан бас сүйегі зақымданып, соның салдарынан жәбірленуші қайтыс  болған.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге деп белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі