Адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345 бабының 3 бөлігінде көзделген қылмыстық әрекетті жасаған азамат К-ның қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы К. «AUDI 100» маркалы көлік құралын Абай көшесі бойымен басқарып келе жатырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтіндей жылдамдықты асырып жүріп, Абай мен Өтемісұлы көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жол көлік оқиғасы нәтижесінде жүргінші оқиға орнында көз жұмған.

Сот отырысында сотталушы К. тағылған айыпты мойындап, жасаған іс-әрекеті үшін өкініп, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады.

Сот үкімімен сотталушы К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оны 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ҚК-нің 63 бабы қолданылып тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, оған осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі