1 орын иеленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы жыл сайын мемлекеттік органдар мен жер қатынастары саласындағы мекемелер арасында шағын футболдан жарыс өткізуді үрдіске айналдырған.

Жарыстың мақсаты қызметкерлерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу, футбол спорт түрін дамыту болып табылады.

Ағымдағы жылдың 15 наурызында Наурыз мерекесіне орай мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау аясын одан әрі кеңейту мақсатында жер инспекциясының ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өтті.

         Жарысқа Қызылорда облыстық соты, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы, Су пайдалану реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы, Арал-Сырдария балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті, Экология департаменті, Жер қатынастары басқармасы,  Қазынашылық департаменті, «Жер кадастры ҒӨО» ШЖҚ РМК Қызылорда филиалы, Қалалық жер қатынастары бөлімі және «Kazpetrol group» ЖШС қатысты.

Аяқ допшылар қызықты да тартысты ойын өрнегін көрсете білді. Айта кету керек,  Қызылорда   облысы   соттарынан сайысқа облыстық соттан М.Оспанов, Д.Махамбетов, А.Сайджаппаров, Б.Ұзақбай, қалалық соттың мамандары Е.Таубаев, Д.Ізбасарұлы, Қ.Бақбергенов және әкімшілік соттың маманы Ф.Шакиров қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 3-орынды Kaz petrol group ЖШС-гі, 2-орынды Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы иеленді. Ал, 1-орынды бірнеше мәрте жеңіс шыңынан көрінген Қызылорда облыстық сотының ұжымы қанжығасына байлады. Шара барысында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен кубог табыс етілді.

Облыстық  сот  ұжымы команданы жеңісімен құттықтай  отырып, алдағы уақыттарда әрқашан жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектестік білдіреді.

 

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі