Жалпы отырыс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 

                            Б Е К І Т І Л Г Е Н

              Қызылорда облыстық сотының

              жалпы отырысының «12» сәуір  2019 жылғы 

              №  1   қаулысымен

                        

  

Қызылорда  облыстық сотының  жалпы отырысының және кеңейтілген жалпы отырысының

                                              РЕГЛАМЕНТІ

 

 

1-тарау. Жалпы мәселелер

 

1-тармақ. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен  судьяларының  мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес, жалпы отырыс облыстық соттың органы болып табылады. Оның мәртебесі, өкілеттігі, отырысты өткізу тәртібі және шарттары, облыстық сот төрағасының, жалпы отырыс хатшысының өкілеттігі, жалпы отырысқа сұрақтарды дайындау тәртібі Конституциялық Заңмен, «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы»,  «Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссиясы туралы Ережемен», «Аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының, облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы сот судьясының және сот алқалары төрағаларының  қызметтеріне кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру қағидаларымен», «Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы Ережемен»,  «Сот жюриі» туралы Ережемен, «Судьялық қызметке жаңадан тағайындалған адамдарды таныстыру Қағидасымен», «Судья қызметіне алғаш рет тағайындалған судьялардың бейімделу кезеңінен өтуі үшін практикалық көмек көрсету жөніндегі Ұсынымдармен», «Судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметінің сапасы бойынша мониторинг жүргізу туралы әдістемелік ұсыныстармен» және осы Регламентпен реттеледі.

2-тармақ. Облыстық соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары

1)тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;

         2) облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;

         3)сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

         4) уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымына адамды тағайындауға уәкiлеттi органға келiсiм бередi;

         5) уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды;

         6) аудандық және облыстық соттар судьяларының, аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін тиісті қорытындылар шығарады;

         9) уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысын қызметтен босату туралы уәкiлеттi органға ұсыну енгiзедi;

         10) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi;

         11) тәртіптік іс жүргізу шеңберінде судьяның әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады;

         12) облыс судьяларының этика жөніндегі комиссия төрағасының ақпараттарын  тыңдайды;

         13) судья лауазымына алғаш рет сайланған немесе тағайындалған облыстық сот алқаларының төрағалары мен судьяларынан, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларынан ант қабылдайды;

         14) облыстық сот төрағасының ұсынысымен облыстық сот судьяларының ішінен жалпы отырыс хатшысын бекітеді;

         15) тәлімгерлік қызметтің қорытындыларын қарайды және судья қызметіндегі жұмыстың нәтижелерін ескере отырып, алғаш рет тағайындалған судьялардың бейімделу кезеңінен өтуінің қорытындыларына баға береді;   

         16) жаңадан тағайындалған облыстық соттың төрағасын, облыстық сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларын таныстыру рәсімін өткізеді;   

         17) аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету өкілеттілігінің жүзеге асырылуы жөнінде ақпараттарын тыңдайды;

         20) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2-1 Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы:

         1) жергілікті соттың екі судьясын Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына жібереді;

          2) Жоғары Сот Кеңесінің, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамдарына судьялардың кандидатураларын қарайды және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті ұсынымдарды шығарады.

 

 

3-тармақ. Облыстық соттың жалпы отырысы төраға, алқа төрағалары және облыстық соттың судьялары құрамында әрекет етеді және облыстық соттың қызмет атқарып отырған судьяларының жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып табылады.

Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысына облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары, судьялары және аудандық соттарының төрағалары судьялары қатысады және қызмет атқарып отырған судьялары-ның жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып табылады.

4-тармақ. Облыстық соттың жалпы отырысы жылына кемінде екі рет шақырылады. Кезектен тыс жалпы отырыс облыстық сот төрағасының бастамасымен шақырылады.

5-тармақ. Жалпы отырыс және кеңейтілген жалпы отырыс облыстық сот төрағасының төрағалық етуімен, егер төраға орнында болмаған жағдайда төраға міндетін атқарушы лауазым иесімен өткізіледі.

Жалпы отырыстың барлық қаулыларына төрағалық етуші және жалпы отырыс хатшысы қол қояды.

Жалпы отырыс хаттамасын облыстық сот кеңсесінің мемлекеттік қызметшілерінің ішінен белгіленген техникалық хатшы жүргізеді.

6-тармақ. Жалпы отырыс хатшысының кворум бар екендігі және жалпы отырыстың жұмысына шақырылған адамдардың қатысуы туралы баяндамасынан кейін отырыстың ашылуы жөнінде шешім қабылданады.

7-тармақ. Күн тәртібі, оған қосымшалар және жұмыс тәртібі қатысып отырған облыстық соттың судьяларының ашық дауыс беруі арқылы көпшілік дауыспен  бекітіледі.

8-тармақ. Төрағалық етуші жалпы және кеңейтілген жалпы отырыс барысында:

-жалпы отырыстың жүргізілуіне басшылық жасайды, аталған Регламенттің ережелерінің сақталуын бақылайды;

-кезектілік тәртібімен, күн тәртібіне, осы Регламенттің талаптарына сәйкес немесе жалпы отырыс шешімімен анықталған өзге де тәртіпте сөйлеу үшін сөз береді;

-процедуралық сұрақтар бойынша кезектен тыс сөз береді;

-әрбір ұсынысты түсу ретіне қарай дауыс беруге қояды; 

-ашық дауыс беруді  және дауыс берудің есебін ұйымдастырады, дауыс беру қорытындысын жариялайды;

-осы регламенттің талаптары бұзылған жағдайда, жалпы отырыс мүшелерін ескертуге құқылы, ал екінші рет бұзылған жағдайда сөз беру құқығынан айырады;

-ескертуден кейін жалпы отырыс жұмысына шақырылған кедергі келтірген тұлғаларды мәжіліс залынан шығарып жіберуге құқылы.

9-тармақ. Жалпы отырыстың қаулылары облыстық соттың қызмет атқарып отырған судьяларының жалпы санының көпшілік ашық немесе жасырын түрде дауыс беруі арқылы қабылданады.

Кеңейтілген жалпы отырыстың қаулылары облыстық соттың және аудандық және оған теңестірілген соттардың қызмет атқарып отырған судьяларының жалпы санының көпшілік ашық немесе жасырын түрде дауыс беруі арқылы қабылданады

10-тармақ.  Процедуралық мәселелер жөніндегі жалпы отырыс шешімі жалпы отырысқа қатысып отырған облыстық сот судьяларының ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. 

Процедуралық мәселелерге: күн тәртібін бекіту туралы, жүргізу тәртібі, үзіліс жөнінде, отырысты кейінге қалдыру, мәселелерді талқылау кезектілігі туралы, жарыссөздің аяқталуы, сөз сөйлеу уақытын шектеу немесе ұзарту, дауыс беру тәртібі, кворумды куәландыру және дауыстарды қайта есептеу жатады.

Кеңейтілген жалпы отырыс шешімі жалпы отырысқа қатысып отырған облыстық сот судьяларының және аудандық және оған теңестірілген сот судьяларының ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. 

11-тармақ. Дауыс беруді бастаудың алдында төрағалық етуші дауысқа салуға қойылған ұсыныстардың санын хабарлайды, олардың тұжырымдарын нақтылайды, өз ұсыныстарын кімдердің кері шақыртып алынғанын анықтайды, жалпы отырыс мүшелерінің дауыс беру тәртібі туралы пікірін анықтайды.  

12-тармақ. Дауыс беру уақытында төраға, алқа төрағалары және облыстық сот судьялары бір дауысқа ие және оны ұсынысты қолдау үшін немесе  оған қарсы береді. Дауыс беруден ешкім қалыс қалуға құқылы емес. Кеңейтілген жалпы отырыс барысында аудандық және оған теңестірілген соттың судьялары бір дауысқа ие және дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес. Дауыстар тең түскен жағдайда облыстық сот төрағасының дауысы басымдыққа ие болады.

13-тармақ. Дауыс беру жасырын түрде өткізілген жағдайда, оның қорытындысын анықтау үшін жалпы отырыс көпшілік дауыс беру арқылы кем дегенде облыстық соттың үш судьясынан құрылған  есеп комиссиясын сайлайды. Есеп комиссиясы дербес өзінің төрағасын және хатшысын сайлайды. Есеп комиссиясы құрамына бос қызмет орнына немесе сайланатын орган құрамына ұсынылған кандидат кіре алмайды. Есеп комиссиясының сайлануы жөнінде жалпы отырыс хаттамалық шешім қабылдайды.

Кеңейтілген жалпы отырыс барысында дауыс беру жасырын түрде өткізілген жағдайда, оның қорытындысын анықтау үшін жалпы отырыс көпшілік дауыс беру арқылы облыстық соттың кем дегенде бір судьясынан және аудандық және оған теңестірілген соттардың екі судьясынан құрылған есеп комиссиясын сайлайды. Есеп комиссиясына міндетті түрде облыстық сот судьясы төрағасы бола отырып дербес хатшысын сайлайды. Есеп комиссиясы құрамына бос қызмет орнына немесе сайланатын орган құрамына ұсынылған кандидат кіре алмайды. Есеп комиссиясының сайлануы жөнінде жалпы отырыс хаттамалық шешім қабылдайды.

14-тармақ. Дауыс беруге қажетті ақпараттары бар бюллетеньдер есеп комиссиясы белгілеген нысанда және санда дайындалады.

15-тармақ. Дауыс беру уақыты және орны, оның өткізілу тәртібі есеп комиссиясымен белгіленеді және оның  төрағасымен хабарланады.

16-тармақ. Әрбір дауыс берушіге мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған бір бюллетень беріледі. Кандидатуралар жөніндегі пікірлер тиісті кандидаттың тегінің тұсына «жақтап дауыс беремін» немесе «қарсы дауыс беремін» графаларын белгілеу арқылы көрсетіледі. Дауыс беруші өзінің ыңғайына қарай бюллетень тілін таңдайды.

17-тармақ. Дауыс берушінің еркін анықтауға мүмкін болмайтын бюллетеньдер жарамсыз болып табылады. Егер бюллетеньде дауыс берушінің кейбір кандидаттарға қатысты еркі көрсетіліп, ал басқа кандидаттарға қатысты еркін білу мүмкін болмаған жағдайда, дауысты есептеу кезінде «жақтап дауыс беремін» немесе «қарсы дауыс беремін» деген графадағы белгі тиісті кандидаттың пайдасына немесе оған қарсы ескеріледі. Дауыс беру үшін бюллетеньге қосымша жазылған тұлғалар есепке қосылмайды.

 18-тармақ. Мөрленген мөлдір жәшікті ашу есеп комиссиясының барлық мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Жасырын дауыс беру қорытындысы жөнінде есеп комиссиясы хаттама жүргізеді, хаттамаға есеп комиссиясының барлық мүшелерінің қолы қойылады. Есеп комиссиясы төрағасының баяндамасы бойынша жалпы отырыс ашық дауыс беру тәртібімен есеп комиссиясының хаттамасын бекітеді.

19-тармақ. Жалпы отырыстың хатшысы облыстық сот төрағасымен келісіп жалпы отырыстың және кеңейтілген жалпы күн тәртібін жасайды және оны түпкілікті өткізу күнін жалпы отырысқа 15 күн қалғанға дейін анықтайды (кезектен тыс жалпы отырыстар бойынша дереу). Күн тәртібінде қаралатын мәселелерді, өткізілетін күні мен уақытын және орнын көрсетіп, облыстық сот төрағасы және жалпы отырыс хатшысы қол қояды.

Жалпы отырыстың күн тәртібіне алқа төрағалары және облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары өз ұсыныстарын енгізе алады.  

20-тармақ. Жалпы отырыстың баяндамасы 10-12 минут шегінде жүргізіледі, қосымша баяндамашыларға 5 минутқа дейін, жарыссөзде сөз сөйлеушілерге 3 минутқа дейін, кандидатураларды талқылау үшін 3 минутқа дейін, процедуралық мәселелер жөнінде сөз сөйлеуге, анықтамалар мен сұрақтар қою үшін 2 минутқа дейін уақыт беріледі. Жарыссөз аяқталған соң баяндамашының және қосымша баяндамашының қорытынды сөзбен және сұрақтарға жауаптар беріп, 5-7 минут шегінде сөз сөйлеуге құқығы бар.

Қажеттілік болған жағдайда басқа уақыт белгіленуі мүмкін.

Баяндаманың мәтіндері және сөз сөйлеулері жалпы отырыстың хаттамасына тіркеу үшін техникалық хатшыға беріледі.  

21-тармақ. Жалпы отырыс қаулыларының жобалары жалпы отырыс хатшысымен отырысқа дейін 5 күн бұрын дайындалып, облыстық соттың төрағасына ұсынылады (кезектен тыс жалпы отырыстар бойынша дереу).

22-тармақ. Жалпы отырыс қызметінің жариялылығын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстық соттың баспасөз хатшысы қамтамасыз етеді.  Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жалпы отырыста өзінің қызметін «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республика-сының Заңына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.

23-тармақ. Жалпы отырыс жұмысын жүзеге асыру үшін отырыстың синхрондық аудармасы және оның құжаттары, отырыс залының  техникалық қамтамасыз етілуі облыстық соттың кеңсесіне жүктеледі.

 

2-тарау. Алқалардың құрамын бекіту, сайлаулар, судьялардың бос лауазымдарына кандидатураларды қарау және тиісті қорытындылар беру,

судьяларға қатысты материалдарды Сот жюриіне беру, ұсынымдар,  есептерді, ақпараттарды тыңдау, ант қабылдау, таныстыру рәсімін өткізу.

 

24-тармақ. Облыстық соттың тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамы облыстық сот төрағасының ұсынысымен жалпы отырыстың ашық дауыс беруі арқылы  белгіленеді.

Облыстық сот судьяларын бір алқа құрамынан басқасына ауыстыру, сонымен қатар жаңадан тағайындалған судьяларды алқа құрамына белгілеу   облыстық сот төрағасының ұсынысымен жалпы отырыста жүзеге асырылады.

25-тармақ. Жалпы отырыс сот сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды. Сот практикасын талқылау облыстық сот судьяларының баяндамасы, қосымша баяндамасы түрінде өткізіледі. Жалпы отырыс сот практикасын талқылау қортындысы бойынша облыстық соттың қызмет атқарып отырған судьяларының жалпы санының көпшілік дауысымен сот практикасының проблемалық сұрақтарына соттардың назарын аударады, оларды шешу әдістерін ұсынады.

Сот практикасы аралық жалпы отырыста да талқылануы мүмкін. 

26-тармақ. Облыстық сот төрағасының  ұсынысы бойынша ашық дауыспен жалпы отырыстың хатшысы бекітіледі.

27-тармақ. Жалпы отырыс облыстық соттың алқа төрағаларының, облыс судьяларының этика жөніндегі комиссия төрағаларының қызметі жөніндегі, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету өкілеттілігінің жүзеге асырылуы жөнінде ақпараттарын, уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесі басшысының  қызметі туралы есебін тыңдайды.

28-тармақ. Жалпы отырыс судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өту кезінде 6 (алты) айлық жұмысына аралық баға береді және тағылымдама қорытындыларын қарайды.

Судьялыққа кандидаттың есебі жөнінде жалпы отырыстың пікірі облыстық соттың қызмет атқарып отырған судьяларының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданатын қорытынды түрінде рәсімделеді және оған төрағалық етуші қол қояды.

Тағылымдама қорытындыларын талқылау жасырын дауыспен жүргізіледі. 

Облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысына Жоғарғы Соттың жалпы отырысына шағым жасалуы мүмкін.

Облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын кандидат Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады.

29-тармақ. Облыстық сот судьясы лауазымына, аудандық соттың төрағасы мен судьясы лауазымына конкурсқа қатысушыларға Жоғары Сот Кеңесіне ұсыну үшін қортындылар береді.

Аудандық және облыстық  соттың судьясы, аудандық немесе оған теңестірілген соттың төрағасы лауазымына кандидаттарды талқылау, олардың анкеталық мәліметтерін жария етуден басталады. Кандидатқа қорытынды беру жөнінде жасырын дауыс беру арқылы шешім қабылданады. 

30-тармақ. Тәртіптік іс жүргізу шеңберінде судьяның әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылау, жалпы отырысқа енгізілген мәселені баяндаудан басталады және күн тәртібіне енгізілген мәселе баяндалғаннан кейін, өзіне қатысты материалдар жинақталған судья тыңдалады.

Материалдарды сот жюриіне беру мәселесі жасырын дауыс беру арқылы шешіледі. 

31-тармақ. Облыстық сот төрағасының ұсынуымен жалпы отырыс ашық дауыс беру арқылы уәкілетті органның облыстағы  аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымына адамды тағайындауға уәкілетті органға келісім береді, сондай-ақ, уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесінің басшысын қызметтен босату туралы уәкілетті органға ұсыну енгізеді.

32-тармақ. Алғаш рет тағайындалған облыстық сот алқаларының төрағалары мен судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары тағайындалғаннан кейін 1 айдан кешіктірмей жалпы отырыста ант береді.

Судья төраға не сот алқасының төрағасы немесе басқа соттың судьясы болып тағайындалған кезде қайтадан ант бермейді.

Облыстық сот төрағасы тұлғаның облыстық сот алқасының төрағасы немесе судьясы, аудандық немесе оған теңестірілген соттың төрағасы немесе судьясы болып тағайындалғаны жөнінде Жарлықты жария етіп, оны ант беруге шақырады. Ант салтанатты түрде мемлекеттік немесе орыс тілінде қабылданады.

33-тармақ. Жалпы отырыс тәлімгерлік қызметтің қорытындыларын қарайды және  судья қызметіндегі жұмыстың нәтижелерін ескере отырып алғаш рет тағайындалған судьялардың бейімделу кезеңінен өтуінің қорытындыларына облыстық соттың қызмет атқарып отырған судьяларының жалпы санының көпшілік дауысымен баға береді.   

34-тармақ. Жалпы отырыс жаңадан тағайындалған облыстық соттың төрағасын, облыстық сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларын таныстыру рәсімін өткізеді.

Облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары ұжымға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша Жоғарғы Соттың өкілі немесе облыстық соттың төрағасымен таныстырылады.

Таныстыру рәсіміне облыс әкімі, облыстық мәслихаттың хатшысы, мемлекеттік мекемелердің басшылары, облыстық сот кеңсесінің басшысы, Судьялар одағы Орталық кеңесінің немесе оның аймақтық филиалдарының өкілдері, сондай-ақ қоғамдық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады. Таныстыру рәсіміне Жоғарғы Соттың судьялары – Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшелері қатыса алады.

Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары ұжымға  облыстық соттың төрағасымен таныстырылады.

Таныстыру рәсіміне облыс әкімі, облыстық мәслихаттың хатшысы, мемлекеттік мекемелердің басшылары, облыстық сот кеңсесінің басшысы, Судьялар одағы Орталық кеңесінің немесе оның аймақтық филиалдарының өкілдері, аудандық соттардың судьялары, сондай-ақ қоғамдық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады. Таныстыру рәсіміне Жоғарғы Соттың судьялары – Жоғарғы Сот Кеңесі мүшелері қатыса алады.

Рәсім қызметке тағайындау туралы Жарлық түскен күннен бастап мүмкіндігінше қысқа мерзімде өткізіледі.

Таныстыру рәсімінде Президенттің қызметке тағайындау туралы Жарлығы, таныстырылып отырған адамдардың қысқаша өмірбаяндары жария етіледі.

Қызметін таныстыру рәсімі салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік рәміздері орнатылған залда өткізіледі.

3 тарау. Қорытынды ережелер.

35-тармақ. Регламент қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

36-тармақ. Жалпы отырыс Регламентіне өзгертулер және толықтырулар отырыста қабылданады және қаулымен рәсімделеді.

36-тармақ. Осы Регламенттің жалпы ережелерін түсіндіру жалпы отырыста жүзеге асырылады.