Сот жүйесінің ардагерлері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 Нұрпейсова Қарлыгаш Бекмұратқызы                                                                                                                               

1976 жылдың  шілде айында Қармақшы аудандық халық сотының хатшысы болып бастаған.

1981 жылдың шілде айынан Қызылорда облысы Қармақшы аудандық халық сотының сот орындаушысы, 1985 жылдың шілде айынан Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мемлекеттік нотариалдық кеңсесінің нотариусы, 2001 жылдың қыркүйек айынан Қызылорда облысы Қармақшы аудандық сот орындаушылар учаскесінің аға сот орындаушысы, 2002 жылдың қаңтар айынан Қызылорда облысы Қармақшы аудандық сотының іс тіркеушісі, 2002 жылдың мамыр айынан Қызылорда облысы Қармақшы аудандық сотының бас маманы қызметтерін атқарған.

Қазақстан Республикасы Президентнің 2002 жылғы 5 желтоқсандағы №991 Жарлығымен Байқоңыр қалалық сотының судьясы қызметіне тағайындалған. 2017 жылдың маусым айынан бастап Байқоңыр қалалық сотының судьясы қызметінен отставкаға шыққан.

Судья қызметіндегі өтілі 14 жылдан асады.

 

 Бесбаева Нүргүлсім Оразбекқызы 1956 ж.т.

1989 жылдың қараша айынан 1992 жылдың наурыз айына дейін Арал аудандық халық сотының судьясы, 1992 жылдың наурыз айынан 1996 жылдың қазан айына дейін Қызылорда облыстық әділет басқармасының бас консультанты қызметтерін атқарған.

1996 жылдың қазан айынан бастап Қызылорда облыстық сотының судьясы қызметін атқарған. Қызылорда облыстық сотының судьясы қызметінен 2015 жылдың мамыр айынан бастап отставкаға шыққан.

Судья қызметіндегі өтілі 20 жылдан асады.

 

 Аманкелді Әнуарбеков 1948 ж.т.

Аманкелді Әнуарбекұлы 1986 жылдан бастап сот жүйесі саласында еңбегін жемісті атқарды. Алдымен ол, Қызылорда қалалық сотының судьясы, 1987-1990 жылдары Сырдария аудандық сотының судьясы, 1990-1998 жылдары осы соттың төрағасы, 1998 жылдан Тасбөгет учаскелік сотының аға судьясы болды. 2001-2002 жылдары Қызылорда қаласы №2 сотының төрағасы, 2002 жылдан бері Қызылорда облыстық сотының судьясы міндетін атқарып, 2012 жылдың шілде айынан бастап отставкаға шыққан.

Судья қызметіндегі өтілі 25 жылдан асады.

 

 Сариев Бақтыбай Нағашыбайұлы 1951 ж.т.

1973 жылдың тамыз айынан 1977 жылдың мамыр айына дейін Қызылорда облыстық сотының сот отырысының хатшысы, аға консультант, 1977 жылдың желтоқсан айынан 1982 жылдың желтоқсан айына дейін Қызылорда облыстық мемлекеттік арбитражында мемлекеттік арбитр, 1982 жылдың желтоқсан айынан 1987 жылдың шілде айына дейін Қызылорда облыстық сотының мүшесі, 1987 жылдың шілде айынан 1995 жылдың қараша айына дейін Қызылорда облыстық соты төрағасының орынбасары, 1995 жылдың қараша айынан 1996 жылдың желтоқсан айына дейін шаруашылық алқа төрағасының міндетін атқарушы, 1996 жылдың желтоқсан айынан 2002 жылдың мамыр айына дейін Қызылорда облыстық сотының судьясы, 2002 жылдың мамыр айынан бастап Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы қызметін атқарған. 2015 жылдың мамыр айынан бастап отставкаға шыққан.

 Судья қызметіндегі өтілі 37 жылдан асады.

 

 Имандосов Мырзамұрат Жұманұлы 1950 ж.т.

1992-1996 жылдарда Қызылорда қалалық халық сотының судьясы, 1996-2002 жылдарда Қызылорда қалалық сотының судьясы қызметтерін атқарған. 2002 жылдан 2013 жылдың мамыр айына дейін Қызылорда облыстық сотының судьясы қызметін атқарған. Қазіргі уақытта зейнет демалысына шыққан.

Судья қызметіндегі өтілі 20 жылдан асады.   

 

 Елтай Сматұлы 1950 ж.т.

1950 жылы 9 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданында туылған. 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін Қызылорда облыстық Әділет басқармасында аға консультант болып еңбек жолын бастаған. 1996 жылға дейін облыстық соттың мүшесі болған Елтай Сматұлы 1979 жылдан бері облыстық соттың судьясы болып қызметін атқарып, еңбек демалысына шыққан.

Судья қызметіндегі өтілі 34 жыл.   

 

 Ким  Ольга  Васильевна 1955 ж.т.     

1987 жылдың мамыр айынан 1994 жылдың қараша айына дейін Қызылорда арбитраждық сотында мемлекеттік арбитр, 1994 жылдың қарашасынан 1996 жылдың желтоқсан айы аралығында Қызылорда облыстық арбираждық сотында судья, ал 1996-2013 жылдарда  Қызылорда облыстық сотының судьясы қызметтерін атқарған. 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап отставкаға шыққан.

Судья қызметіндегі өтілі 26 жылдан асады.

            

 Ибраев Мергали 1949 ж.т.

1979 жылдың маусым айынан бастап 1993 жылдың сәуір айына дейін Қызылорда облыстық сотының судьясы, 1993 сәуір айы мен 2002 жылдың мамыр айы аралығында Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер  жөніндегі сот алқасының төрағасы, ал 2002 жылдың мамыр айы мен 2007 жылдың желтоқсан айына дейін Қызылорда облыстық сотының төрағасы болды. 2005 жылдың ақпан айынан бастап отставкаға шыққан.

Судья қызметіндегі өтілі 24 жылдан астам.

 

 Смағұлова Баян Шарфудинқызы 1953 ж.т.

1985 жылдан Қызылорда қалалық халық сотында судья, 1990 жылдан Қызылорда қалалық соты төрағасының орынбасары, 1996 жылдан бастап Қызылорда қалалық сотының судьясы, 2002 жылдың тамыз айынан Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметтерін атқарған. Қазір зейнет демалысында.

Судья қызметіндегі өтілі 22 жылдан асады.   

 

 Ғани Төлеухан 1940 ж.т.

1969-1971 жылдар аралығында Қызылорда облыстық сотында аға кеңесші қызметін атқарды;

1971-1974 жылдар аралығында Қызылорда облыстық сотының мүшесі, 1974-1977 жылдар аралығында Арал аудандық сотының судьясы, ал,1977-1986 жылдары Арал аудандық сотының төрағасы, 1986-1987 жылдар аралығында Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істерді қарайтын сот алқасының төрағасы, 1987-2002 жылдар аралығында Қызылорда қалалық сотының төрағасы, ал, 2002-2007 жылдар аралығында Қызылорда қалалық сотының судьясы қызметтерін атқарған.

2007 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда қалалық сотының судьясы қызметінен отставкаға шыққан.

Судья қызметіндегі өтілі 35 жылдан асады.   

 

 Жаубасаров Әмір Рүстембекұлы 1949 ж.т.

1982-1990 жылдары Қармақшы аудандық сотының судьясы, 1987 жылдан бастап төраға, 1990-2002 жылдары Жалағаш аудандық сотының төрағасы, 2002-2007 жылдары Қызылорда қаласы №2 сотының төрағасы, 2007-2009 жылдары Қызылорда қалалық сотының судьясы қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап отставкада.

Судья қызметіндегі өтілі 27 жылдан асады.   

 

 Жаңбыршаева Зина Ізбастықызы 1955 ж.т.

1981-1984 жылдары Шиелі аудандық халық сотының судьясы, 1984 жылдан Қызылорда қалалық сотының судьясы қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта зейнет демалысында.

Судья қызметіндегі өтілі 24 жылдан асады.   

      

 Көпесова Кенжегул Көпесқызы 1950 ж.т.

1992-2008 жылдар аралығында Жаңақорған аудандық сотының судьясы қызметтерін атқарған. 2008 жылдың мамыр айында Жаңақорған аудандық сотының судьясы қызметінен отставкаға шыққан.

Судья қызметіндегі өтілі 15 жылдан асады.   

 

 Тілектес Күнтуғанұлы Сейітов 1943 ж.т.

1992 жылдың шілде айында Қазалы ауданындағы халық сотының халық судьясы болып сайланып жұмыс істеген. ҚР Әділет Министрінің бұйрығымен 1995 жылдың сәуір айының басынан 1997 жылдың аяғына дейін Қызылорда облыстық әділет басқармасының бастығы болып қызмет атқарған. 1998 жылдың қаңтар айында Қызылорда облыстық сот орындаушылары және сот приставтары департаментінің бастығы қызметіне ауысып, сол жылдың маусым айынан бастап 2007 жылдың маусым айына дейін Қызылорда қалалық сотының судьясы болып жұмыс атқарған. Сол жылдың маусым айында отставкаға шыққан.

Судья қызметіндегі өтілі 8 жылдан асады.   

 

 Шыңғысова Ғалия Шакетқызы 1949 ж.т.

1979 жылдан Қызылорда облыстық сотының судьясы, 1993 жылдың сәуір айынан бастап 2002 жылдың мамыр айына дейін азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы қызметтерін, 2001 жылдың маусым айынан бастап 2002 жылдың ақпан айына дейін ҚР Жоғарғы Соты төрағасының өкімімен Қызылорда облыстық сотының төрағасы міндетін атқарған.

2002 жылдың мамыр айынан бастап Қызылорда облыстық сотының судьясы қызметін атқарған.

28 жылдан астам судья қызметін атқарған. 

 

 Баймағамбетов Тұрмат Сабекұлы 1946 ж.т.

1964-1965 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі қыстағында Шиелі аудандық сотының сот отырысы хатшысы, 1968-1984 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі қыстағында Шиелі аудандық сотының сот орындаушысы болып жұмыс жасаған,1986-1987 жылдары Қызылорда облысы, Жосалы қыстағы, Қармақшы аудандық сотының судьясы болған, 1987-1996 жылдары Қызылорда облысы, Тереңөзек қыстағында Тереңөзек аудандық сотының төрағасы қызметін жалғастырды, 1996-2007 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі қыстағында Шиелі аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған, 2008 жылдан бастап отставкадағы судья.

Судья қызметіндегі өтілі 22 жылдан асады.   

      

Жақыпов Мұхиядин Сқақұлы 1946 ж.т.

1999 - 2009 жылдар аралығында Қазалы аудандық сотының судьясы болып қызмет атқарып, 2009 жылдың 1 шілдесінде зейнет демалысына шықты.

Судья қызметіндегі өтілі 10 жылдан асады.   

 

Иманғали Сейітов 1928 ж.т.

1955 жылдан бастап облыстық прокуратурада соттағы қылмыстық істерді бақылау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған. Одан кейін еңбек жолын Шиелі және Жаңақорған аудандарында ауданаралық прокурор болып жалғастырған. 1966 жылдан 1968 жылға дейін Қызылорда облыстық прокурорының орынбасары, Қызылорда облыстық атқару комитетінің 1968 жылғы 24 қазандағы сессиясының қаулысымен Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істерді қарау жөніндегі орынбасары, 1971 -1973 жылдар аралығында облыстық кеңес атқару комитеті сессиясының шешімімен Қызылорда облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған.