Нұрышев Қамбар Жұмабайұлы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұрышев Қамбар Жұмабайұлы 1961 жылы дүниеге келген.

1983 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

1983-1987 жылдары – Гурьев қалалық халық сотының консультанты;

1987-1991 жылдары – Балықшы аудандық және Гурьев қалалық соттарының халық судьясы;

1991-1996 жылдары – Балықшы аудандық сотының төрағасы;

1996-2007 жылдары – Атырау облыстық сотының судьясы, сот алқасының төрағасы;

2007-2011 жылдары – Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстық соттары алқаларының төрағасы;

2011-2014 жылдары – Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы;

2014-2016 жылдары – Атырау облыстық сотының сот алқасының төрағасы;

2016-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы;

2017 жылдың маусым айынан бастап Қызылорда облыстық сотының төрағасы.